Біздің уақыттың жазушысы

Біздің уақыттың жазушысы

Қарағандылық жазушы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Кәмел Жүністегінің 80-жылдық мерейтойына орай, кітапхананың оқу залында №63 ЖОББМ 8 сынып оқушыларымен «Белгілі жазушы, қоғам қайраткері – Кәмел Жүністегі» портрет көрмесі өткізілді.

Кәмел Жүністегі Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келді. Мектептегі жылдарында зерттеу жұмысымен айналысып, туған өлкесінің беделді, бірақ танымал емес адамдары туралы қызықты материалдар жинады. Шортанбайдың шығармаларын жазып алды, оның туындыларын араб тілінен кириллицаға аударды.

Белгілі жазушы Кәмел Жүністегі Сарыарқаның зерттелуіне үлкен үлес қосты. Өлкетану жөніндегі көптеген кітаптардың авторы, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі «Қарағанды. Қарағанды облысы» энциклопедиясы редакциялық алқасының мүшесі. Жергілікті өлкетанушы – тарихшы ретінде танымал.

Comments are closed.