«Қауырсын қалам» әдеби клубы

Кітапханада 19 қарашада «Ненапрасное творчество» атты поэтикалық жиынға «Қауырсын қалам» әдеби клубының балалары өздерінің жаңа өлеңдері оқып ой бөлісу үшін жиналды.
Клуб мүшесі Диана Котляревская Томск облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған (Ресей) «Устами детей говорит мир» балалар мен жастардың әдеби шығармашылығының халықаралық фестиваль байқауына қатысып, «Литературная палитра» номинациясы бойынша диплом иеленді.
Сондай-ақ, клубқа көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 Қарағанды арнайы мектеп-интернатының оқушысы Надежда Коханенко қосылып өзі жазған өлеңдерін оқып берді.
Балалар клубтың келесі жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады. Жоспарда көптеген қызықты іс-шаралар, жобалар, сондай-ақ клубқа жаңа ақындар мен жас қаламгерлер тарту.

«Шарды үрлеудің құпиясы»

17 қараша күні «Қызықты ғылым» кітапханалық зертханасында №6 ЖББ мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Шарды үрлеудің құпиясы» тәжірибесі өтті.
Бұл тәжірибе үшін сода, сірке суы, шар мен пластикалық бөтелкелер қолданылды. Тәжірибе сода мен сірке суын араластыру кезінде натрий ацетаты, су және көмірқышқыл газын шығаратын химиялық реакцияның қалай жүретінін көрсетеді. Су бөтелкеде қалады, онда натрий ацетаты ериді, ал көмірқышқыл газы шарға түсіп, оның көлемін толтырады. Нәтижесінде шар біртіндеп үріледі.
Тәжірибе өте қарапайым, бірақ оны үйде тек ересектердің бақылауымен жасауға болады!
Эксперименттен басқа, балаларға кітапхана қорындағы түрлі химиялық, биологиялық, физикалық эксперименттерге арналған кітаптарға шолу жасалды.
Біздің кішкентай зертханашыларымыз тамаша әсер алды!

 

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағында «Еркетайым» балабақшасының тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Кім болам?» топтамасын таныстыру мақсатында сабақ өтті.
Үйірме жетекшісі балаларға «Фолиант» баспасынан шыққан «Кім болам?» кітапшасында ұстаз, дәрігер, өрт сөндіруші, аспаз, т.б. мамандықтар жайлы танып – білуге болатынын айтып, қосымша мамандықтардың қыр-сырымен таныстырды. Сабақ сергіту сәтімен жалғасып, балалар әр түрлі тапсырмалар орындады.

Ұлттық валюта күні

15 қарашада қазақтың ұлттық валютасы теңгеге 30 жыл толды. Мерекеге орай Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында №97 гимназиясының оқушыларының қатысуымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында балаларға теңгенің жасалу тарихы, қорғалу дәрежелері, рөлі туралы және әлемдік экономикалық нарықтағы валюталар жайлы айтылды. Жиынға Коллекторлар клубының мүшелері қатысып, Нумизматтар өздерімен бірге алып келген тиындар топтамасымен таныстырды.

«Free style» арт-шеберханасы

Өз қолыңызбен жұмсақ ойыншық жасау оңай емес, алайда ол сіз үшін бөлмеңізді, мүмкін шыршаны безендіруде ерекше заттардың бірі болмақ.
Сондай ойыншық түрін біздің кітапхананың «Free style» арт-шеберханасының оқырмандары Юрий Нестеровпен өткен шеберлік сабағында бірге ілесе отырып қалай жасау керектігін үйренді. Жұмыс қарқынды жүргізілгені сондай, процесс әлі аяқталған жоқ. Келесі демалыс күндері ойыншықты аяқтайтын болады.

Дауыстап оқу!

«Ертегілер мен оқиғалар сағаты» жобасы аясында дауыстап оқу үшін К.Альвестің «Суперсекретная банда Пушистиков» сериясынан «Таинственный друг» тамаша туындысы таңдалды.
Бұл балаларға арналған әзіл-оспақ және қызықты детективтік әңгімелер күлкілі кейіпкерлерден құралған: тотықұс Элвис, теңіз шошқалары Берти мен Шишка, ауладағы мысық Руфус және хамелеон Адель.
Балалар ертегіні мұқият тыңдап, талқылауға белсене қатысып, кейіпкерлерді сипаттап, алған әсерлерімен бөлісті.

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірме

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағында «Гвоздичка» балабақшасының тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Алдар көсе және бай» тақырыбында өткізілді.
Сабақ барысында балалар «Алдар Көсе мен Бай» туралы қызықты мультфильмін көрді. Мультфильмді тамашалаған қатысушылар Алдар Көсенің ақылы мен тапқырлығы жайлы қазақ тілінде қысқаша сөйлем құрап үйренді.

 

«Келіңіз! Қараңыз! Оқыңыз!» кітапхананалық нон-стоп

Кітапхана мамандары Қарағанды техникалық-экономикалық колледжінің 1 курс студенттерін кітапхананың құрылу тарихымен, кітапхананы пайдалану ережелерімен, бөлімдерінің қызметімен таныстыру мақсатында экскурсия өткізді. Студенттер жаңадан түскен әдебиеттер мен мерзімді басылымдарға шолу жасап, балаларға арналған клуб пен үйірмелердің сабақ кестесімен танысты.

Экскурсия

№ 13 қосымша білім беру орталығы – мектебінің оқушылары күзгі демалысты тиімді өткізу мақсатында кітапханаға экскурсияға келді.
Балалар ARA қазақстандық анимациялық студиясының «Шырақ» мультфильмін тамашалады. Фильмнің режиссері Мейіржан Сандыбай, ал продюсері Бақытжан Шабдукарим.
Мультфильм желісі адамдардан қорқатын кішкентай шам туралы таңғажайып оқиға. Бір күні шам тұрып жатқан үйге мысық пайда болады, шамның ең қымбат досы, кішкентай ойыншық мүсінді мысық алып кетеді. Енді басты кейіпкерге қатерлі қадамға бару керек, яғни досын қайтару үшін адамдар әлемін түсініп батыл қадам жасау.
Мультфильмді көргеннен кейін балалар өз әсерлерімен бөлісіп, ойларын ортаға салды.

«Free Style» арт-шеберханасы

Аулада күз, мектептерде «Алтын күз» мерекесіне арналған байқаулар, ал кітапханада «Хошиісті асқабақ» шеберлік сыныбы өтті. Біздің жаңа –жаңа қалыптасып келе жатқан қолөнершілеріміз өз қолдарымен ерекше жұмсақ көкөніс жасады.
Бос уақытта жұмсақ ойыншық түрлерін жасаумен әуестеніп жүрген Егорова Мария ханым ойыншықтың жасалу жолдарын көрсетті. Ол үшін қажет? Ол үшін кішкене бос уақыт, матаның бір бөлігі, жіппен ине, толтырғыш зат, желім және «құйрық» керек екен. Ал сіздің асқабақ дайын!