«Көңілді ағылшын»

«Көңілді ағылшын» үйірмесі өз жұмысын жалғастыруда. Кезекті сабақ «Animals» тақырыбында өтті. Балалар зердесін тек көру ғана емес, есту жағынан да дамытатын «Лото» ойынын ойнады.

Республика күні

Елімізде 25 қазан күні Ұлттық мереке – Республика күні атап өтіледі. Осы айтулы күннің құрметіне кітапханада «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!» атты мерекелік микрофон өткізілді. Шараға №51 қосымша білім беру мектеп-орталығы, Ғ. Мұстафин атындағы ЖББМ оқушылары қатысты. Балалар Отан, Қазақстан, туған жер жайлы өлеңдерді мәнерлеп оқып, ән шырқады. Жас оқырмандар «Қазақстан – туған жерім, туған елім!» атты кітап көрмесімен танысты.

«Шаштараз-стилист» кездесу

Кітапханада «Сервис» колледжінің бірінші курс студенттері шаштараз- стилист Юлия Ковалевскаямен кездесті. Қонақ 20 жылдық тәжірибесі бар макияж суретші Қазақстанда ғана емес, жақын шетелде де көптеген шаштараз байқауларының жеңімпазы болып табылады. Шебер балаларға өз қызметінің қыр-сырымен бөлісті. Табандылық пен өзін-өзі дамытудың арқасында қарапайым шеберден бастап, «Париж» сұлулық салонының иесі атанғаны туралы айтып берді.
Іс-шара барысында балалар сәннің қалай өзгергені туралы шағын фильм тамашалап, сән трендтері туралы кітаптармен танысты.

«Кызықты ғылым»

Бүгін біздің кітапхананың «Кызықты ғылым» зертханасында сумен түрлі тәжірибелер жасалды. Балалар лава шамын жасады, оның өткізгіш ұлпасы арқылы пекин қырыққабатын боядық, гравитацияға қарсы суды және мұздатылған сұйықтықтарды байқадық.
Бұл тәжірибелерді үйде оңай жасауға болады. Соңында сумен тәжірибелер туралы кітаптарға шолу жасалды.

Кітапханашылар күні

Кітапханашылар күнін мерекелеу қарсаңында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапхана басшысының орынбасары Қалқатай Мағиқызы Калиева Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Құрметті Қалқатай Мағиқызы, Сізді алған төсбелгіңізбен құттықтаймыз. Сізге шығармашылық жолында толағай табыс тілейміз. Ізденісіңіз арта берсін!

«Мен тұлғамын»

Бүгін 25 қазан–Республика күніне орай Абай атындағы балалар кітапханасы «Сенімен Болашақ» РҚБ Қарағанды облыстық филиалымен бірлесіп «Мен тұлғамын» кітапханалық жобасы аясында рухани танымдық тренингтер өткізді.
Мақсаты: жас ұрпақтың бойында елжандылық, Отанға құрмет сезімін арттыру, көркем шығармалармен таныстыру, рухани құндылықтарды сіңіру және мәдениетті, саналы азаматтың моделін қалыптастыру.
Іс-шараға «Сенімен Болашақ» РҚБ Қарағанды облыстық филиалының басшысы Индира Жанұзаққызы, психолог Дидар Берікқызы және кәсіпкер, РҺD доктор Айдын Кернебаев қатысты.
Қонақтар балалар үшін аса маңызды «Тұлға болам десеңіз….», «Рухани құндылықтар – адамгершіліктің негізі» тақырыбында әңгіме өрбітті.
Сондай-ақ, ер балаларға арналған «Джентельмен club» клубының ашылуы өтті.

«Рухани келісім күні – бірлік пен тұрақтылық кепілі»

18 қазан – Рухани келісім күніне орай «Рухани келісім күні – бірлік пен тұрақтылық кепілі» атты толеранттық сағат өткізілді. Шараның мақсаты: өскелең ұрпақтың бойына рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал ету.

«Келіңіз! Қараңыз! Оқыңыз!» кітапхананалық нон-стоп

Кітапхана мамандары «Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының» 5 сынып оқушыларына кітапхананың құрылу тарихымен, кітапхананы пайдалану ережелерімен, бөлімдерінің қызметімен таныстыру мақсатында экскурсия өткізді. Оқушылар жаңадан түскен әдебиеттер мен мерзімді басылымдарға шолу жасап, балаларға арналған клуб пен үйірмелердің сабақ кестесімен танысты.

 

Шуақ

Балалар «Шуақ» шығармашылық студиясының кезекті сабағында «Патша мен Бүркіт» шығармасымен танысқаннан кейін, «Бүркіт» қолөнерін жасады.

Ертегілер мен оқиғалар сағаты

«Ертегілер мен оқиғалар сағаты» жобасы аясында логопед – дефектолог Гүлмира Рахимбаева кезекті дауыстап оқу өткізді. Қонақ балаларға түрік жазушысы Мерве Ергеноғлының (түрік тілінен аударған Ақтілек Бекзатқызы) «Қағаз ұшақ» атты әңгімесін таныстырды.