Бүгін жас оқырмандар жазғы оқу залының қонағы болды. Ағаш көлеңкесінде отырып балалар әртүрлі кітап беттерін парақтап, өздеріне ұнаған кейіпкерлердің суретін салды. Балалар жазғы демалыс уақытында үйге оқуға бірнеше дана кітаптар алды.

«Жанартау»

18 шілдеде қызықты деректер күні аясында балалардың назарына «Жанартау» тәжірибесі ұсынылды. Тәжірибе кезінде табиғаттың өте қызықты және жұмбақ құбылысын өз қолдарымен жасап, жасанды жанартау ошағында лаваның атқылауын көре алды.
Табиғат құбылыстары немесе басқа да таңғажайып дүниелер қызықтырса, қазақтың ғылыми-көпшілік «OYLA» журналын оқуды ұсындық.

 

 

«Сабын көпіршіктері»

11 шілдеде қызықты деректер күні аясында «Сабын көпіршіктері» атты тәжірибе сабағы өткізілді.
№50 мектептің балаларымен бірге сабын көпіршіктерін өз қолдарымен жасап, оларды дүкенде сатылатын сабын көпіршіктерімен салыстырды. Сабын көпіршігін жасау үшін бізге ыдыс жууға арналған гель, су және глицерин қажет болды. Сабын көпіршіктерін үйде оңай жасауға болады, себебі барлығы үй шаруасында тұтынып жүрген заттар.

«Астана – елдің жүрегі»

Астана күніне орай кітапханада «Астана – елдің жүрегі» атты иллюстрациялы кітаптаптармен безендірілген көрме – әңгіме ұйымдастырылды.
Көрмеде Астана қаласының тарихын, оның елорда ретінде қалыптасуын, көрікті жерлерін ашатын иллюстрациялы кітаптармен қоса мерзімді басылымдардың материалдары ұсынылған.
Астана- жас әрі қарқынды дамып келе жатқан әлемдегі ең әдемі және заманауи қалалардың біріне айналды. Біздің жас оқырмандар экспозициялық материалдардан Астана жайлы тереңірек оқып, оның шежіресімен танысты
Көрмеде ұсынылған кітаптар арқылы біз елорданың қалыптасуының негізгі кезеңдеріне байланысты бірталай тың ақпараттармен бөлістік. Оқырманмен пікір алмастық.
Жаңа астананың шежіресі әлі де жалғасын табары сөзсіз. Жасай бер, Астана!

«Магниттер»

Шілде айының 4-і күні кітапханада қызықты деректер күні аясында магниттердің күшін көрсететін тәжірибе сабақ жүргізілді. № 50 мектептің оқушылары «Магнит» ұғымымен танысып, магниттің қасиеттері туралы біліп, эксперимент жасау барысында жаңа білім алды.
Сондай-ақ балаларға біздің кітапхана қорынан түрлі тәжірибелер мен әртүрлі тәжірибе сабақтарға арналған қызықты ғылыми кітаптар ұсынылды.

 

Кітапхана мультзалы

30 маусым күні кітапханалық мульзалымызда балалар «Джунгли кітабы» мульфильмін тамашалады, сонымен қатар викториналық сұрақтарға жауап берді.

Әдеби викторина

Бүгін мектеп жанындағы лагерьдегі №64 ЖББОМ балалары шілде айында туғанына 120 жыл толған балалар жазушысы, сценарист, суретші-иллюстратор Владимир Сутеевтің өмірбаянымен және шығармашылығымен танысты. Балалар В. Сутеевтің «Мешок яблок», «Кто сказал Мяу», «Под грибом», «Елка», «Палочка-выручалочка» және т. б. ертегілері туралы көптеген қызықты мәліметтер алды.
Іс-шара соңында балалар «В.Г. Сутеевтің ертегілері бойынша» интерактивті әдеби викторинасына қатысып, «Мешок яблок» мультфильмін тамашалады.

«Сырлы аспаптардың сиқырлы үні»

Қазақ халқының жан серігі, рухани азығы болып келген киелі домбыра күніне орай кітапханада «Сырлы аспаптардың сиқырлы үні» атты музыкалық калидоскоп өткізілді.
Шараға №32 мектептің көркем еңбек пәнінің ұстазы Тұрсынов Ержан Әдешұлы арнайы шақырылып, оқушыларға музыкалық аспапты жасаудың қыр-сырын айтып, өзі жасаған домбырасын көрсетіп шеберлігімен бөлісті.
Оқырмандар қасиетті аспаптың тарихымен танысып, түрлі мәліметтермен қанықты. Ұлттық аспапқа қатысты ойындар ойналды.
Айтулы мерекеге «Домбыра-дастан, домбыра-күй» атты домбыраның тарихы мен жасалу технологиясына байланысты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі», М.Рәш «Киелі домбыра», Ө. Спанов «Домбыра үйренейік», К. Әзірбаев «Жан серігім, домбыра» басылымдары насихатталды.
Шара соңында Ержан Тұрсынов әуезді ән шырқап, оқырман қауымның құлақ құрышын қандырды.

«Тауық жұмыртқасының құпиялары»

 27  маусымда кітапханада қызықты фактілер күні аясында жазғы  лагерінің балаларымен «Бөтелкедегі жұмыртқа», «Резеңке жұмыртқа», «Сүңгуір жұмыртқалар»  сынды түрлі тәжірибелер жасалды.  Бұл эксперименттерді тіпті үйде жасау өте оңай. Тәжірибелер үшін бізге: сірке қышқылы, бөтелке, суға толы шұңғыл  ыдыс және тауық жұмыртқасы қажет.
Тәжірибе соңында балаларға кітапханамыздың кітап қорындағы  түрлі қызықты әдістерге арналған ғылыми  кітаптар ұсынылды.

«Оқуға ұсынамыз» букслэм -турнирі

Кітапхана да әр дүйсенбі сайын «Оқуға ұсынамыз» букслэм-турнирі өтеді. Аталмыш шара аясында мектеп жанындағы лагерьде демалушы балалар өздері оқыған кітаптарға жарнама жасауды үйренеді.
Бүгін «Қорқыныш патшасы» тақырыбында іс-шара өтті. Балалар екі топқа бөлініп, берілген тақырып бойынша кітапты таңдайды, содан кейін олар кітап туралы ең «Қызықты» ұранды ойлап тауып қарсыластарын сюжетпен қызықтыру керек болды.
Шара өте қызықты, көңілді болды. Егер де сіздер жазғы демалыстарыңызды қызық және ерекше өткізгілеріңіз келсе дүйсенбі күні кітапханаға келіңіз!