«Қызықты оқу»

Бүгін кітапханада «Ресурс» коррекция орталығының , «BO!» атты отбасылық оқу-білім беру кешенінің балаларына және №64 ЖББМ, Григорий Потанин атындағы ЖББМ оқушыларына арнап «Фолиант» баспасынан шыққан жаңа кітаптарына шолу жасалды.
Оқушыларға Нұр Домбайджи, Росио Бонилья, Яны Седлачкова, Сара Шахинканат, Хендрик Йонас, Джейми Хоган сияқты заманауи балалар әдебиетінің авторларының туындылары ұсынылды. Бұл қаламгерлердің шығармалары көптеген мемлекеттердің жас оқырмандары арасында өте танымал.
Іс-шара соңында балалар «Табиғат жайлы не білесіз?» атты танымдық- викториналық сұрақтарға қатысты.

«Кітаппен өткен жаз қызық» әдеби аула

Кітапханада «Жаз. Балалар. Кітап» жоба аясында «Кітаппен өткен жаз қызық» атты әдеби аула  өткізілді. «Әдеби аула» – қарым-қатынасқа, оқуға, пікірталасқа, ойындарға және түрлі викториналарға арналған әмбебап кітапхана алаңы.
Біздің оқырмандарымыз бен мектеп жанындағы лагерь балалары үшін осындай жайлы аула ұйымдастырылды. Балалар қызықты түрлі-түсті кітаптармен, мерзімді басылымдармен танысты. Ойындар ойнап  викториналық сұрақтарға жауап берді.

Перғауын жыландары

Кітапханада 13 маусым күні қызықты деректер күні аясында Әл -Фараби атындағы мектеп-гимназиясының  жазғы лагерь балаларына арналған «Перғауын жыландары» атты тәжірибе өткізілді. Балалар «Перғауын жыландарын»  кальций глюканатын қолдану арқылы жасады.
Тәжірибе барысында перғауын жыландарына қатысты қызықты деректермен танысып,  заттардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен химиялық қасиеттерін білді. Перғауын жыландары түрінде алынған реакция – мөлшері, түсі, жану жылдамдығы бойынша өте ерекше болып шықты.
Балаларға барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, үйде тәжірибе жүргізу ұсынылды.
«Қызықты ғылым» кітапханалық зертханасының соңында қызықты химия бойынша әдебиеттерге шолу жасалынды.

«Заманауи кітапханаға» саяхат жасау

Жаз айларында уақыт тауып кітапханаға қонақ болып, келіп қайтуға болады. Алғаш рет кітапханаға аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған № 4 мектеп-интернатының оқушылары келді.
Балалар кітапхананың тарихымен танысып, абонементтер мен оқу залына барып оның мүмкіндіктері туралы білді. Сонымен қатар, балалардың назары кітапхананың кітап қорының алуан түрлілігін ашатын кітап көрмелері қызықтырды.
Кездесу барысында балалар кітапханашыны тек мұқият тыңдап қана қоймай, викториналық сұрақтарға белсене қатысып жауап берді. Қыздар мен ұлдар «Мен кіммін?» ойынын ойнады, балалар бос уақыттарын көңілді және пайдалы өткізді.

«Көңілді ағылшын» үйірмесі

 

«Көңілді ағылшын» үйірмесі өз жұмысын жалғастыруда. Кезекті сабақ «Musical instruments. Музыкалық аспаптар» тақырыбында өтті. Балалар музыкалық аспаптарға байланысты ырғақ сезімін дамытуға арналған ойындар ойнап және түтікшемен әріптерді жинап сөз құрау арқылы ағылшын тіліндегі баламаларын жаттады.

Мультзал шақырады…

Жазғы демалыс жаңа достар тауып тәжірибелермен алмасып қызықты сәттерді бастан кешетін мезгіл. Кітапханада оқырман балалар кітаптар мен журналдарды оқып қана қоймай, әртүрлі мультфильмдерді де көре алады.
Әр жұма сайын сағат 11.00-де барлық келушілер үшін «Мультзал» ашық болады.
Бүгін кітапханада мектеп жанындағы лагерьде демалушы балаларға арналып «Стань Легендой! Бигфут младший» атты мультфильм көрсетілді. Онда Адам есімді қарапайым жасөспірім көптен бері жоғалып кеткен әкесін іздеуге барып сапар барысында көптеген шытырман оқиға тап болады.
Балалар мультфильмді өте жылы қабылдап олардың көңіл – күйлері жүздерінен байқалып тұрды.

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Сиқырлы түстер еліне саяхат» тақырыбында өткізілді. Үйірме сабағында балалар түстерді қазақ тілінде айтып, түрлі ойындар, сөзжұмбақтар шешіп, «Түстер» әнің орындады.

«Дарынды бала әлемі»

«Жаз. Балалар. Кітап» ұзақ мерзімді жоба аясында, кітапханамызда «Дарынды бала әлемі» жинағына Daryndy Bala шолу жасалды.
Іс-шараға Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназия жанындағы лагерінің балалары қатысты, оларға біздің түрлі-түсті суреттермен безендірілген танымдық кітаптарымыз қатты ұнады.
Балаларға кітапхана ішінде экскурсия жүргізіліп, әдеби викториналар мен сергіту ойындары ойнатылды.

«Қазақ мультфильмінің қарлығашы» атты мультшеру

Бүгін кітапханада Қарағанды облысының тумасы, қазақтан шыққан тұңғыш мультфильм режиссері, суретші, сценарист Әмен Қайдаровтың туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақ мультфильмінің қарлығашы» атты мультшеру өтті. Шараға жиналған балалар мен ересектер қазақ анимациясының аңыз тұлғасымен танысып, сонымен қатар Н. В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашылары дайындаған кітап көрмесі ұсынылып, шолу жасалды. Мектеп лагерлерінің балалары «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Ақсақ-құлан» және т.б мультфильмдерді тамашалады. Әр бала мультфильмді көргеннең кейін естелік ретінде қағаздан жасаған қарлығашты ала кетті.

«Сыбайлас жемқорлық-қоғамның өзекті кәсібі» тақырыптық көрме

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі.
Кітапхананың оқу залында «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселелері» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Көрмеге жазушылардың көркем шығармада жемқорлық тақырыбында жазылған кітаптары қойылды.