«Күй атасы – Құрманғазы» әдеби-музыкалық кеш

Кітапханада қазақ даласын асқақ та жігерлі күйлерімен тербеген ұлы күйші-композитор Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 205 жыл толуына орай «Күй атасы – Құрманғазы» атты әдеби-музыкалық кеш өткізілді.
Күй – ұлтымыздың үні мен сөзі болған, халқымыз дүниеге әкелген көркем құндылықтардың шыңы. Ал, Құрманғазы – ұлттық мәдениет пен музыканы әлемдік деңгейге көтерген өнер иесі.
Қуғын-сүргін мен сергелдеңге түскен күйші өз шығармаларында халықтың тәуелсіздігі пен бостандығы туралы терең ой-толғамын бейнелеген. «Алатау» және «Сарыарқа» күйлері қазақ күй өнерінің жауһар қазынасы қатарында десек, артық айтқандық емес.
Іс-шараға Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің директоры Санжар Ашкенов және №6, №10
жалпы білім беретін орта мектептің оқушылары қатысты.
Шара барысында Құрманғазы Сағырбайұлының күйлері, соңына қалдырған мол мұрасының тарихы, атқарған қызметтері жайлы мағлұмат беріліп, көпшілік назарына өмірі мен шығармашылығы жайында бейнежазба ұсынылды.

 

«Жол ережесін сақтайық!»

Бүгін кітапханада балалардың жол-көлік оқиғалары кезіндегі зардап шегуі, жарақат алуының алдын алу, көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын нығайту мақсатында № 88 ЖББМ 1-сынып оқушылары үшін жол полициясының инспекторы Ерасыл Сәбитұлы Мұраттың қатысуымен «Жол ережесін сақтайық!» ақпараттық сағаты өтті.
Кітапханашы жол қозғалысы ережелерінің тарихы және жол қозғалысы ережелері тек жүргізушілер үшін ғана емес, жаяу жүргіншілер де не үшін қажет екендігі туралы айтып берді.
Инспектор жол белгілері мен жолда жүру ережелерін сақтау, көшеде балаларды дұрыс жүріп, жол ережелерін, қауіпсіздігін білуге, жаяу жүргіншілердің жолда және аула ішінде, көлікпен немесе велосипедпен жүру кезіндегі жүріс-тұрыс дағдылары бойынша профилактикалық әңгіме жүргізді.

 

 

«Кел, қазақша сөйлейік!»

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Пішіндер қалашығына саяхат» тақырыбында өткізілді.
Балалар сабақта дөңгелек, шаршы және үшбұрыш, бес бұрышты жұлдыз сияқты геометриялық пішіндердің атауын қазақ тілінде айтып үйренді.

 

«Комиксburg»

17 мамыр күні кітапханада 10-11 жас балаларға арналған «Комиксburg» балалар комикстерінің (суреттелген әңгімелер) облыстық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Байқау 01.02.-14.05.2023 аралығында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының 70 жылдық мерейтойы аясында қазақ балалар әдебиетінің кемеңгері Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері: балалар мен жасөспірімдердің қазақстандық авторлардың шығармашылығына деген қызығушылықтарын арттыру; кітапты және кітап оқуды танымал ету; қиялды дамыту және өз ойларын сөзбен және суретпен білдіру дағдыларын көрсету; әдеби шығармалар әлемін белсенді білетін, оқитын балалар қауымдастығын қалыптастыру.
Байқауға Қарағанды облысының қалалары мен аудандарынан 116-дан астам жұмыс келіп түсті.
Байқау жұмыстарына әділ қазылық жасап, жеңімпаздарды анықтауға жұмылдырылғандар: балалар мен жасөспірімдер сарайының «Ала гүлдер» үлгілі бейнелеу өнері студиясының жетекшісі Олжас Исаинов; Н. Нұрмақов атындағы мектеп-лицей-интернатының тарих пәнінің оқытушысы Әсем Тарыбаева; «Мандарин» шығармашылық бейнелеу студиясының негізін қалаушы, «№2 балалар өнер мектебі» КМҚК педагогы Мария Костина және Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенті Елизавета Казакова.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
I орын – Төлепбергенов Қуаныш (Теміртау қ.) және Сембек Ақмарал ( Саран қ.) – графикалық планшет;
II орын – Майданова Інжу (Қарағанды қ.) және Семенова Анастасия (Осакаров ауданы Молодежный к.) – смарт сағат;
III орын – Еркеназ Жанабай (Қарқаралы ауданы Қасым Аманжолов ауылы.) және Арыстанбекова Ақерке (Абай ауданы Топар к.) – Bluetooth колонка.
Байқау аясында ұйымдастырушылар мен қазылар алқасының шешімімен арнайы ынталандыру номинациялары бекітіліп, жеңімпаздар диплом мен VR-көзілдірікпен марапатталды.
• «Әділ қазы көзайымы» – Валеева Екатерина (Қарағанды қ.) және Өсербай Кәусар (Нұра ауданы Жараспай ауылы);
• «Бірегей идея» – Бектұрған Аружан (Қарағанды қ.) және Нефедова Софья, (Шахтинск қ.);
• «Бірегей сюжет» – Рымбеков Бейбарыс (Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы) және Тишкин Валерия, (Бұхар жырау ауданы Новоузенка ауылы);
• «Менің кейіпкерім» – Күмісбек Нұртілек (Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы) және Нұрпейіс Айсана (Абай ауданы Топар к.).
Конкурс жеңімпаздары мен қатысушыларына А. Тоқтаровтың жетекшілігімен Қарағанды қаласының «№21 ЖББМ» домбырашылар ансамблі музыкалық құттықтауларын білдірді.

«Келіңіз! Қараңыз! Оқыңыз!» кітапхананалық нон-стоп

Бүгін кітапханашылар №91 ЖББМ-де және Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының 5-сынып оқушыларына арналған кітапхана бойынша сырттай экскурсия өткізді.
Виртуалды экскурсия-бұл кітапхананы жарнамалаудың ең танымал нұсқаларының бірі, балалар кітапханасы туралы бейнені көргеннен кейін балалар оған барғысы келді. Кітапханашылар кітапхана қызметтері туралы айтып, жаңа кітаптарды көрсетіп, клубтар мен үйірмелерге баруға шақырды.
Осы күні кітапханаға даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №3 арнайы мектеп-интернатының оқушылары да келді. Балалар кітапханашының балалар кітаптары мен қызықты Библия оқиғалары туралы әңгімесін қызығушылықпен тыңдады. Көптеген балалар кітапхананың жаңа оқырмандарына айналды.

«Дәуірдің қаралы парақтары» атты реквием-кеші

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай кітапханада «Дәуірдің қаралы парақтары» атты реквием-кеші өткізілді. Іс-шараға Долинка кентіндегі Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейінің ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы И.Кондрашов және №15 ЖББОМ 10 сынып оқушылары қатысты.
Оқушыларға «КарЛАГ» бейнеролигі көрсетіліп, Карлаг тұтқындарының бірі Генрих Эйхлердің қиын тағдыры туралы айтылды. Ол Мәскеудегі Детгиздің бастауында тұрып, өмір жолын Қарағандыда аяқтады. Балалардың назарына бір экспонаттың тарихы, Г.Эйхлердің К. Паустовскиймен хат алмасуы ұсынылды.
Кездесу барысында оқушылар қуғын-сүргін және террорлық әр түрлі қиын тағдырлардан өткен тұтқынға түскен ақындардың өлеңдері оқылды. Олардың арасында Наум Коржавин, Анна Баркова және Николай Заболоцкийлер бар.
Іс-шара соңында «Карлаг: адам және тағдыр» кітап көрмесіне шолу жасалды.

«Көңілді ағылшын»

«Көңілді ағылшын» үйірмесінің кезекті сабағы «Furniture. Жиһаз» тақырыбында өтті. Балалар карточкалармен ойын ойнап, «Furniture in the House» әнін айтып, ағылшын тіліндегі баламаларын жаттады.

 

«Отбасылық демалыс сағаты»

Құрметті достар! Баршаңызды мерейлі мереке – Отбасы күнімен құттықтаймыз. Осы тамаша мерекеге орай кітапханада «Отбасылық демалыс сағаты» өтті. Шараға кітапхананың жас оқырмандары ата-аналарымен бірге шақырылды. Шара барысында оқырман отбасылар өздерінің отбасылық дәстүрлері туралы айтты, балалар тақпақ оқыды, ән айтты, отбасының тату, берік болуына көмектесетін ережелерді ойлап тапты, сөздерден мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер құрастырып жарысты. Ата-аналар мен балалардың назарына үйде оқуға арналған кітаптар ұсынылды, сондай-ақ Вьюшковтар отбасының авторлығымен ертегілер дауыстап оқылды. Мереке соңында іс-шараның барлық қатысушыларына отбасы, махаббат және адалдық күнімен құттықтаулар жазылған ашық хаттар мен шарлар табыс етілді. Іс-шара барлығына қуаныш пен мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«Free Style» арт-шеберханасы

«Free Style» арт-шеберханасы өз жұмысын жалғастыруда. Барлық кішкентай қыздар әдемі зергерлік бұйымдарды, түрлі шаш қыстырғыштарын, резеңке таспалар мен ободоктарды жақсы көреді. Үйірме мүшелері фатин матасын пайдаланып ыстық желімнің көмегімен шашқа арналған ободок жасап үйренді.

«Шарды үрлеудің құпиясы»

12 мамыр күні оқырмандарымыз «Қызықты ғылым» кітапханалық зертханасында «Шарды үрлеудің құпиясы» атты тәжірибемен танысты.
Балалар қызықты тәжірибенің көмегімен шарды қалай жасанды түрде үруге болатынын үйренді, сонымен қатар химиялық реакциялардың өзара әрекетке түсуінен пайда болатын көмірқышқыл газының қасиеттерімен таныс болды.
Балаларға ата-аналарымен бірге барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, тәжірибені үйде қайталап көруді ұсындық.
Зертхана соңында ғылыми эксперименттер мен қызықты химия бойынша әдебиеттерге шолу жасалынды.