ҚР Конституциясы күні

Абай атындағы балалар кітапханасында «Ата Заңым айбыным!» атты ҚР Конституциясы күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге Қазақ мемлекетінің қалыптасу кезеңдері туралы материалдар, Қазақстан тарихы және конституциялық құқықтың дамуы бойынша анықтамалық басылымдар, ғылыми-білім беру басылымдары, тарихи хроника, анықтамалық-иллюстрациялық құралдар, мерзімді басылымдардан мақалалар ұсынылды.
Сондай-ақ кітапхана оқырмандарына арналған викториналық-ойын өткізілді.

 

«Алматыкітап» баспасы

Біз өзіміздің оқырмандарды белгілі кітап баспаларымен таныстыруды жалғастырамыз.
Сонымен, кезекті баспа – «Алматыкітап» баспасы. 1999 жылдан бері баспа қызметімен айналысады, республикадағы және шетелдегі кеңінен танымал ірі баспа – кітап саудасы кәсіпорындарының бірі болып табылады.
Баспа тарапынан 3000 астам балалар кітабы, көркем, дамыту, танымдық және оқу әдебиеті, жалпы таралымы 40 млн данадан астам кітап жарыққа шықты, олардың кейбіреулері көптеген халықаралық жәрмеңкелердің көрмелерінде көрсетілді.
Кітапхананың кітап көрмесінде орта және жоғары мектеп жасындағы балаларға арналған ең қызықты басылымдар: энциклопедиялар, анықтамалықтар, З.Төреханның «Әмина Тұран көшпенділер елінде» қиял-ғажайып романы, қазақтың халық лиро-эпикалық поэмасы «Қыз Жібек» және т.б. әдебиеттер қойылған.
Келіңіздер! Оқыңыздар!

 

“Кеншілер каскасы”

Шахтер – ең ауыр және қауіпті, ел үшін маңызды мамандықтардың бірі. Кеншілер күні жыл сайын жаз мезгілінің соңғы жексенбісінде тойланады.
Қарағанды кеншілер астанасы болып есептеледі. Өйткені Қарағанды мен көмір, көмір мен Қарағанды етене егіз ұғымға сонау ХІХ ғасырда Аппақ атамыз көмір тапқан шақта айналып кеткен.
25 тамызда “Кеншілер күні” қарсаңында кітапханада “Кеншілер каскасы” арт-шеберханасы өткізілді.
“Уникум” зияткерлік орталығының балалары ар-деко стилінде өз қиялдарынан шахтерлердің жабдықтарының негізгі атрибуттарының бірін жасады.

 

«Жаз. Балалар. Кітап»

Қас қағым сәтте жаз айы да бітейін деп қалды. Жаз мезгілі – балалардың асыға күтетін мерейлі маусымы. «Жаз. Балалар. Кітап» жоба аясында жазғы оқу залы өз жұмысын аяқтады.
Жаз бойы түрлі байқаулар, ойындар, шытырман оқиғалар, шеберлік сабақтары мен театр қойылымдары балалардың бос уақытын тек қызықты ғана емес, сонымен қатар пайдалы өткізуге мүмкіндік берді.
Жазғы оқу залы жарқын оқиғалар мен қызықты сәттерге толы болды. Балалар керемет өткізілген уақыттан ерекше әсер алды.
Біздің жас оқырмандарымызды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз және келесі жылы жазғы алаңда асыға күтеміз!

«Оқу – бұл негізгі білім»

Кітапханада жастар күніне орай «Оқу – бұл негізгі білім» лотерея кітап көрмесі қойылды. Көрме жастар арасында кітап пен кітап оқуды насихаттауға бағытталған. Оқырмандар шығарма атауын оның қысқаша сипаттамасынан біліп, табуы қажет.
Құрметті оқырман, ерекше көрмемен танысып, өз біліміңізді сынаңыз!

 

«Өзі-өзіне режиссер»

Бүгін балалар «Өзі-өзіне режиссер» тақырыптық күн шеңберінде  “Шығыстың ұлылары” кітаптар топтамасына “Тик-ток” мобильді қосымшасын пайдаланып бейнероликтер түсірді.

Барлық бейнероликтер өте қызықты, тартымды болды.

«Алтын бөкен»

Кітапханалық мультзал аясында мектеп жанындағы лагерьде демалушы балалар «Алтын бөкен» мультфильмін көріп тамашалады.

 

«Цирктегі қызықтар»

Цирк! Цирк! Цирк! Сиқырлы және таңғажайып орын, әсіресе спектакльге сайқымазақтар тартылса! Оның табынушыларына ешбір жас шектеулері қойылмайды. Бүгін кітапханада біздің жас оқырмандарымызға арнап «Көңілді сайқымазақтар» атты шеберлік сыныбы өтті.
Жібек Зинелованың «Цирктегі қызықтар» кітабымен танысқан балалар түрлі-түсті қағаздан көңілді сайқымазақтар жасады.

 

«В поисках Немо»

Кітапханалық мультзал аясында мектеп жанындағы лагерьде демалушы балалар ең үздік анимациялық фильм үшін «Оскар» сыйлығының лауреаты атанған «В поисках Немо» атты компьютерлік анимациялық фильмін көріп тамашалады.

 

«Marvel кейіпкерлері»

Бүгін кітапханада №30 ЖББМ мектеп жанындағы лагерьде демалушы балалардың назарына «Marvel кейіпкерлері» комикстер мен кітаптарда тақырыбында әңгіме өткізілді. Балалар әлемге әйгілі «Marvel» компаниясының құрылу тарихын білді және өздерінің сүйікті супер қаһармандары «Өрмекші-адам», «Темір адам» «Тора», «Халка» және т.б. танысты.