«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Ертегі әлемінде» тақырыбында өтті. Бұл сабақта балалар «Бауырсақ» ертегісімен танысып, ертегі кейіпкерлерін сомдады. Балаларға қазақша-орысша жұмбақтар жасырылып, би түрінде қызықты сергіту сәті өткізілді. Сабақ «Бұл кім?» ойынымен аяқталды.

«Әдеби кейіпкерлердің шеруі»

Міне, көптен күткен мереке де келді. Бүгін жаздың бірінші күні! Бұл күн Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған.
Кітапхананың жас оқырмандары және Қарағанды қаласының тұрғындары үшін «Әдеби кейіпкерлердің шеруі» атты іс-шарасы өткізілді.
Балалар кітапхана жанында жиналып, әдеби кейіпкерлер бастаған топ легі Орталық мәдениет және демалыс саябағына аттанды.
Мерекелік бағдарламада бүлдіршін балалардың қатысуымен әр түрлі ойындар ойнатылып, көшпелі оқу залы ұсынған қызықты және танымдық кітаптар мен мерзімді басылымдарға шолу жасалды.

«Әдеби кейіпкерлердің шеруі»

Міне, көптен күткен мереке де келді. Бүгін жаздың бірінші күні! Бұл күн Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған.
Кітапхананың жас оқырмандары және Қарағанды қаласының тұрғындары үшін «Әдеби кейіпкерлердің шеруі» атты іс-шарасы өткізілді.
Балалар кітапхана жанында жиналып, әдеби кейіпкерлер бастаған топ легі Орталық мәдениет және демалыс саябағына аттанды.
Мерекелік бағдарламада бүлдіршін балалардың қатысуымен әр түрлі ойындар ойнатылып, көшпелі оқу залы ұсынған қызықты және танымдық кітаптар мен мерзімді басылымдарға шолу жасалды.

«Күн астындағы Күнікей қыз»

«Сиқырлы кітап» жобасы аясында 29 мамырда кезекті әдеби оқулар өткізілді.
Дауыстап оқуды С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының әртісі Ахай Жұмамұратов «Күн астындағы Күнікей қыз» жинағынан «Түлкі мен Салақбай» ертегісін оқыды.
Мұндай кездесу ізгілікті із қалдырып, оқуға, жалпы кітапқа деген қызығушылықты арттырады.

Әйгерім Кәрібаеваның жетістік формуласы

26 мамырда «Saryarqa» телеарнасында суретші, графикалық дизайнер Әйгерім Кәрібаева мен колледж студенттерінің қатысуымен «Жетістік формуласы» телебағдарламасының кезекті түсірілімі өтті. Талантты суретші «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, иллюстратор, «Рахат» кондитерлік фабрикасы өнімдерінің бренд-безендірушісі, «Экспо-Дубай-2022» мерч-серіктесінің және «ART-AIKA» жобасының авторы болып табылады.
«Жетістік формуласы» телебағдарламасының қонағы балалармен сұхбатында өзінің өмір бойы сурет салумен айналысатынын және Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының екінші курсында оқып жүргенде-ақ жұмыс істей бастаған айтты. Алғашқы үлкен жетістігі «Umay Global Summit» әйелдер кәсіпкерлігі форумына арнап Ұмай ананың бейнесін салған кезде келіп, танымал бола бастайды. Әйгерім сол кезде бірінші рет көрмеге қатысуға шақырылып, суретші өзінің туындылары адамдарды бей-жай қалдырмайтынын түсінді.
Жоба қонағының халық арасында танымал болуына «Instagram» әлеуметтік желісі біршама ықпал еткен, онда ол өзінің жеке күнделігін жүргізіп, жаңа жұмыстарын жариялап отырады. Әйгерімнің шығармаларында халық өмірінің әртүрлі дәуірлері бейнеленіп, ұлттық өрнектер заманауи нақышпен тоғыстырылған. «Этномодернизм – бұл біздің дәстүрлеріміздің, менің ойларымның, эмоция мен әсерлерімнің миксі»,- деп түсіндірді суретші.
Иллюстратордың суреттеріндегі ең басты тақырып – отбасы, әйелдің осы өмірдегі орны, ана бақыты туралы.
Балаларды суретшінің алғашқы туындылары, оның өнер саласындағы пір тұтқан адамдары, кәсіптегі қиындықтар, отбасылық қарым-қатынастары және басқа да мәселелер қызықтырды. Әйгерім балаларға өзінің балалық шағы туралы шынайы әңгімелеп беріп, «Сендерді шабыттандыратын адамдарды табыңдар, өздеріңнің мақсаттарыңа жетуде үлкен ерік-жігерлеріңді көрсетіңдер. Өмір сендерді бір емес, бірнеше рет сынайды, сондықтан артқа шегінбеңдер және өздеріңе ұнайтын істеріңді табыңдар, – деген кеңесін берді.
Әйгерім Кәрібаеваның жетістік формуласының мәні – еңбек ету: кез келген уақытта, жағдайға қарамастан, әрқашан және барлық жерде. Қонақ жастарға ең алдымен еңбек етуді әдетке айналдыруға кеңесін берді. Кәсіби адам шабытты күтпейді, оның шығармашылығы үздіксіз процесс, ал шабыт тек жұмыс кезінде ғана келеді.
Бағдарлама соңында Әйгерім Кәрібаева түсірілімге қатысқан әрбір қатысушыға естелік сыйлығын табыстады. Жоба қонағының пікірінше, ең үздік сұрақты Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжінің студенті Виктория Парахина қойып, сұрақ авторына суретші өз постерлері мен дизайнерлік безендіруіндегі «Рахат» фабрикасының кәмпиттерін сыйлады.

«Қуғын – сүргін құрбандары» реквием кеші

Кітапханада Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенттерінің қатысуымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Қуғын – сүргін құрбандары» атты реквием кеші өткізілді.
Тарихтан тағылым жасау, өткенге тағзым істеу, өскелең ұрпақтың борышы және парызы. ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін мыңдаған, миллиондаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттерінің бірі екендігі анық. Биыл қазақ жерінде бұрын – соңды болмаған, көкірегі ояу, көзі ашық ұлт азаматтарының екі қолын артына қайырып, аяғына кісен салып, ұлт қаймағын қалқып алған ұлы сұрапыл, жаппай жазалауға сексен төрт жыл толып отыр. Зұлмат науқаны кезінде мыңдаған жазықсыз жан «халық жауы» атанып, көз жұмды.
Болашақта өткен қайғылы оқиғалардың қайталанбауы үшін өскелең ұрпақтың адамның қайғылы, шырқы бұзылған тағдыры туралы білгені маңызды.
Іс-шара барысында «Қайғыдан қаланған Қарлаг», «Қазақ қасіреті» деректі фильмдері көрсетіліп, қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы кітаптар мен мерзімді басылымдар ұсынылды.
Долинка кентіндегі Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайының ғылыми қызметкері Тұрсынбек Альбина саяси тұтқындар өмірінің баға жетпес фактілерімен бөлісті.
Өткен өмірдің жантүршігерлік оқиғаларын ұмытуға болмайды. Біз тарихымызды оқып, біліп қана өз болашағымызға дұрыс бағдар жасай аламыз.

IMG_1301
IMG_1306
IMG_1312
IMG_1313

«Магнит сыры»

20 мамыр күні «Қызықты ғылым» кітапханалық зертхана аясында «Магнит сыры» атты тәжірибе өткізілді. Балалар магниттің қандай құпиялары барын, темір, кобальт, никель т.б. заттарды тартатын күші бар екенін біліп, басқа заттарға да әсер ету қабілеті мен адамдар күнделікті өмірде қалай, неде қолданатынын зерттеп білді.
Жетекші шара соңында үй жағдайында қызықты тәжірибе жасау үшін қандай әдебиеттерді пайдалану керектігі жөнінде айтып, кітаптарға шолу жасады.

1
2
4
5
6
7

«Нығмет Нұрмақов – ұлт қайраткері»

Бүгін кітапханада қоғам қайраткері, дарынды публицист, қазақ өнері мен мәдениетінің қамқоршысы Нығмет Нұрмақовтың өмірі мен қызметінің насихаттау мақсатында «Нығмет Нұрмақов – ұлт қайраткері» атты кітапханалық дәрісі өткізілді.
«Нығмет Нұрмақов: ұлт мұраты» монографиясының авторы, тарих ғылымдарының кандидаты, Қарағанды техникалық университетінің доценті Сәуле Қасымова дәріс оқыды.
Шараға Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты 10 сынып оқушылары және «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің I курс студенттері қатысты.
Балаларға «SARYARQA» телеарнасы ұсынған «Нығмет Нұрмақов. Төртінші Премьер – Министр» деректі фильмінен үзінді көріп, кітап көрмесіне шолу жасалынды.

Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні

Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай құжаттарды толықтыру, өңдеу және негізгі қорды сақтау бөлімінің басшысы Орал Маратқызы Мусина Қарағанды облысы Әкімінің Құрмет грамотасымен және орта және жоғары сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Жайна Ыбраимқызы Ыбрайм Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы Қалиева Қалқатай Магиевнаны мәдениетті дамытуға және рухани мұраны сақтауға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапаттады.
Әріптестерімізді лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!

1
2
2а
3
4
5
6

Балалар жазушысы Толымбек Әбдірайыммен кездесу

Қазақстанда балалар жылы аясында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының базасында «Балалар, сіздер үшін жазамыз» облыстық кітапханалық жобасын жүзеге асыру мақсатында белгілі балалар жазушысы Толымбек Әбдірайыммен кездесу өтті.
Жобаның мақсаты балалар мен жасөспірімдерді белгілі авторларымен таныстыру арқылы қазіргі қазақ әдебиетін оқуға тарту болып табылады. Осы жоба аясында белгілі балалар ақын-жазушыларымен, балалар кітаптарының иллюстраторларымен бірқатар кездесулер ұйымдастыру жоспарлануда.
Жобаның алғашқы қонағы балалар жазушысы, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Толымбек Әбдірайым. Жазушының қаламында 10 әңгімелер жинағы бар, олардың көпшілігі балаларға арналған. «Алабұға ауланған күн» әңгімесі 2021 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында жалпыға бірдей оқу үшін тізімге енгізілді.
Жазушымен кездесу тек Қарағанды қаласында ғана емес, сонымен қатар Абай және Бұқар жырау аудандарында өтті. Іс – шараларға қалалық және ауылдық мектептерінен 100 -ге жуық оқушылар қатысты.

photo_2022-05-23_15-28-24
photo_2022-05-23_15-28-23
photo_2022-05-23_15-28-21
photo_2022-05-23_15-28-19
photo_2022-05-23_15-28-18
photo_2022-05-23_15-28-16