Чтобы летом не скучать, выбирай, что почитать!

Чтобы летом не скучать, выбирай, что почитать!

9 тамызда «Roboklub» робототехника және бағдарламалау мектебінің балаларына арналған «Чтобы летом не скучать, выбирай, что почитать!» ұранымен жаңа кітап күні өткізілді.

Балаларға жазда кітапханаға түскен жаңа кітаптар туралы айтылды. Бұлар «Мои первые открытия» сериясының «Птицы: обитатели разных континентов», «Растения: путешествие в царство деревьев и трав» көркем басылымдары. Бұлар жай ғана кітаптар емес, олардың терезелері бар. Балалар оларды қарап -көріп, ағаштар мен құстар туралы көптеген қызықты және пайдалы мәліметтерді білді.

Балаларға әр халықтардың әр уақыттағы қару-жарақтары мен сарбаздары туралы жаңа энциклопедиялар, танымал мультфильмдердің өлеңдері, әндері, ермек-сықақ өлеңдері жинағы бәрінен де қатты ұнады.

Барлық жаңа кітаптар балалардың өздігінен қарап-көруіне ұсынылып, одан кейін олар өз ойларымен бөлісті.

Comments are closed.