Даңқты тарих парақтары

Даңқты тарих парақтары

«Жәдігер» кітапханалық өлкетану клубының мүшелері, №48 ЖОББМ 8 «Б» сыныбының оқушылары клубтың 2019 жылғы 28 ақпандағы бірінші отырысында Қарағанды қаласының 85-жылдығына арналған «Даңқты тарих парақтары» (Қарағанды ескерткіштері) арт-саяхатын жасады.

«Күншуақ» зияткерлік бөлмесінің жанға жайлы үйлесімді жағдайында клуб жетекшісі мен оның мүшелерінің арасында Қарағанды қаласының ескерткіштері, ақындарға, саясаткерлер мен тарихи тұлғаларға арналған танымал монументтер мен мүсіндер туралы сындарлы диалог болды.

Балалар олардың пайда болу тарихын, сондай-ақ біреулердің іс-әрекетінің естелік іздері, біреу немесе бірнәрсе туралы естеліктерді жадымызға сақтауға не мәжбүрлейді және қолдайтыны туралы білді.

Comments are closed.