«Денсаулық – зор байлық»

«Денсаулық – зор байлық»

Кітапханада Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы аясында 2018 жылғы 5 сәуірде №38 гимназияның 3 «В» сыныбы оқушыларымен «Денсаулық – зор байлық» танымды денсаулық сабағы өткізілді.

Қарағанды №2 емхана, қалалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының балалық шақты ұйымдастыру бөлімінің педиатр дәрігері Агафонова Лариса Петровна өткізілген іс-шараның қонағы болды.

Балалармен тартымды әңгіме барысында ол «Салауатты өмір салты әліппесінің» негізгі ережелері: спортпен шұғылдану, күн тәртібі, тамақтану, жеке гигиена және тағы басқасы туралы әңгімелеп берді.

Балалар естігендерін бекіту үшін «Денсаулық – зор байлық» зияткерлік ойынына қатысты.

Оқушылар шарадалар мен кроссвордтарды шешті, әртүрлі ойындар мен викториналарға, денсаулықты нығайтатын жеңіл, пайдалы «Қозғалыс – бұл өмір» жаттығуына қатысты, «Фиксики.Дәрумендер» танымдық мультфильмін тамашалады.

Іс-шараның барлық қатысушылары қуаттылық пен көтеріңкі көңіл-күйге ие болды және «Денсаулық – бұл үйлесім!», «Денсаулық – бұл төзімділік!», «Денсаулық – бұл күш-қуат!», «Денсаулық – бұл сұлулық!» екенін білді.

Өткізілген іс-шара соңында АМСКҚО басшылығына және Л.П. Агафоноваға іс-шараға қатысқаны және одан әрі ынтымақтастығы үшін алғыс айтылды.

Comments are closed.