Экскурсия «Кітапхана шақырады…»

Экскурсия «Кітапхана шақырады…»

7 ақпан күні №4 жалпы білім беретін мектеп-интернатының 7 сынып оқушылары қазақ ойшылы, ақын және композитор Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай мұрасы-мәңгілік мирас» атты мультимедиялық көрме-инсталляциясымен танысу мақсатында кітапханаға келді.

Балалар ақынның өмірінен қызықты деректерді, қайталанбас «Қара сөздері» туралы, сондай-ақ шығармашылығына байланысты бірегей басылымдармен, Абай образын мейлінше анық көрсететін құнды туындылармен танысты.

Comments are closed.