Ертегілер және олар ғана емес …

Ертегілер және олар ғана емес …

14 наурызда № 16,66, және 88 ЖОББМ бастауыш сынып оқушылары мен әдебиет саласындағы халықаралық және республикалық сыйлықтардың лауреаты, халықаралық байқаулардың жеңімпазы, «С.Я.Маршактың алтын қаламы» медалінің иегері, балалар жазушысы Елена Пономаренкомен «Жолдан жолға» шығармашылық кездесуі өткізілді.

«Күншуақ» ыңғайлы залында өте қызықты және тартымды болып, уақыттың қалай өткені білінген жоқ.

Біздің қаламыздың жас тұрғындарының қарағандылық балалар жазушысымен кездесуі Балалар кітабы апталығының «Балалар, сіздер үшін жазамыз! Творим для вас, дети!» үшінші күнінде өткізілді.

Мамандығы бойынша кітапханашы, қалауы бойынша әдебиетші Елена Пономаренко жақын және алыс шетелдің әдеби, кітапхана және баспасы аясында кеңінен танымал. Оның кітаптары қазақ, ағылшын, неміс, чех, француз, словак және басқа тілдерге аударылды.

Елена Геннадьевна – халықаралық және республикалық сыйлықтардың лауреаты, “Орыс әдеби орталығы” ұлттық агенттігінің баспа және БАҚ бойынша резиденті, 18-ден астам кітаптың авторы: «Қайырымдылық», «Соғыс оты шалған балалық шақ», «Әйел мамандықтары емес» әңгімелер жинағы, «Біздің Юлия» повесі, «Құмырсқа мен көгершін», «Ұлуға арқасындағы үй не үшін керек?», «Кішкентайларға арналған күншуақты ертегілер», «Өсімдіктер туралы ертегілер», «Жәндіктер туралы ертегілер», «Кішкентай орманшы қарт», «Ұлдар арналған ертегілер» ертегілер жинағы және басқалары.

2015 жылы Торонто (Канада) қаласының «Соқыр балаларға» акциясы аясындағы дыбысжазушы студиясы оның «Мен туралы және әлемдегі барлығы туралы» жинағын аудиотасымалдағышқа жазды.

Жазушы оқушыларға өзі және өзінің кітаптары туралы әңгімеледі, кішкентай әдебиетқұмарларға «Гүлдер туралы ертегілер» жаңа жинағын таныстырды.
Балалар «Ең кішкентайларға арналған ертегілер» кітабының шығу тарихымен танысты.

Балалар жазушыға өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойып, қызықты диалог құралды.

Кездесу соңында Е.Пономаренко қалағандардың барлығына өзінің қолтаңбасын қалдырып, кітапханаға жаңа кітабын сыйлады.

Естелік фотосуретке түсіп және Е. Пономаренкоға алғыс хат беріліп, іс-шара жағымды нотада аяқталды.

Comments are closed.