Қаңтар 26, 2025 «Free Style» арт-студиясы By odb-abai inЖаңалықтар Балшықтан мүсіндеу – бұл өз қолыңызбен әдемі және ерекше бұйымдар жасауға мүмкіндік беретін қызықты іс. Балшықпен жұмыс ересектер үшін де, балалар үшін де қызықты өнер деп айтуға болады. 26 қаңтарда кітапханада осы ежелгі техниканы қолдана отырып, жануарлар жасау бойынша шеберлік сабағы өтті. Достық ортада балалар әуесқойлық танытып, жануарларды қуана мүсіндеді.