«Халықтар достығы» телекөпірі

«Халықтар достығы» телекөпірі

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, 29 сәуірде кітапханада қала мектептерінің 5-6 сынып оқушылары мен «Таңшолпан» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен В.Ф.Потанин атындағы Қорған облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасымен (Ресей) телекөпірі өтті.

«Онлайн-қосылым» режимінде Қорған қаласы кітапханасының оқырмандары (Ресей) қазақ халқының мәдениетімен, ал Қарағанды қаласының балалары орыс халқының мәдениетімен танысуға мүмкіндік алды.

Өз тарапынан ресейлік ұйымдастырушылар телекөпірге қатысу үшін «Зауралье халқының Кеңес Ассамблеясы» жалпы ресейлік қоғамдық ұйымның төрағасы В.Уфимцевті, Алматы қаласының тумасы болып табылатын жазушы О.Рыжованы шақырды. Қорған облысы қазақтарының ұлттық мәдени автономиясы төрағасы атынан К.Ораловтан 12000 мың қазақтардың Қазақстанның барлық ұлттық мерекелерін атап өтетінін, тілді үйреніп, өскелең ұрпақты қазақ халқының әдет-ғұрыптарымен және салт-дәстүрлерімен таныстыратынын білді.

Біздің тарапымыздан іс-шараға «Согласие» орыс мәдени орталығы» ЖШС басшысы Валерий Николаевич Рожков және «Казачья вольница» ҚБ өкіл балалары қатысты.

Іс-шара бағдарламасында түрлі тілдердегі әндер шырқалды, кітапханашы ресейлік әріптестеріне экологиялық таза шикізаттан жасалған «Киіз үй» этноконструкторын көрсетті, қазақ және орыс халқының достығына арналған өлеңдер оқылды.

«Импульс» би ұжымы мен «Елдің қуаттылығы – халықтың бірлігінде» кітап көрмесі мерекенің шырайын келтірді.

Comments are closed.