Ізгілік жасаңыз

Ізгілік жасаңыз

22 ақпанда кітапханаға Саран қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №5 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының тәрбиеленушілері келді.

Қыздар мен ұлдар білім ордасына алғаш рет келіп, кітаптардың алуан түрлілігіне ерекше таң қалды. Танымдық экскурсиядан кейін кітапханашылар «Ізгілік жасаңыз» сабағын өткізді, онда балаларға ізгілік туралы әңгімелеп, жақсы адамдар туралы кітаптарды еске түсіруді ұсынды.

Іс-шара соңында қатысушыларға смайликтер таратылып, олардың көмегімен топтағы «ең мейірімді адамды» анықтады. Осындай екі бала Пешнина Светлана мен Аманжол Аксұңқар болды.

Әңгімелесуден кейін біздің қонақтарымыз жақындарымен бірге көмекке мұқтаж мүлдем бейтаныс адамдарға да мейірімділік пн ізгілік танытуға ниет білдірді.

Comments are closed.