Изготовление полимерных червяков

Изготовление полимерных червяков

19 сәуірде «Қызықты ғылым» кітапханалық зертхана аясында «Полимер құрттарды жасау» тәжірибесі өткізілді. Балаларға көп клеткалы жануарлар әлемі туралы таныстырылым көрсетілді және олардың жіктелуі таныстырылды.

Балалар «Құрттар туралы не білесіңдер?» викторинасының сұрақтарына жауап берді. Сабақта балалар полимер құрттарын қалай дайындауға болатынын, олардың қандай керемет қасиеттері бар екенін көруге мүмкіндік алды. Өткізілген тәжірибе қарапайым және қауіпсіз болды, ол үшін натрий алгигинаты, кальций хлориді, қызыл бояғыш және жылы су пайдаланылды.

Қызықты да танымды, оңай өткен практикалық сабақтың соңында «Таңғажайып тәжірибелер мен эксперименттер» атты кітаптардың шолуы жүргізілді.

Comments are closed.