Күлімдеу қуанышын сыйлаңыздар!

Күлімдеу қуанышын сыйлаңыздар!

4 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының балалар кітапханасы өткізген Нұр-Сұлтанның жас тұрғындарының Қарағанды облысының тумасы, балалар ақыны, жазушы Дария Джумагелдиновамен шығармашылық кездесуінің online қосылымы болды.

Өткізілген іс-шараға Қарағандының № 1 және №45 гимназияларының 3-4 сынып оқушылары зор қызығушылықпен қатысты.

Олар Дария Тукеновнаның өмірі және шығармашылық жолы, балалар жазушысының қалыптасу жолы туралы әңгімелерін мұқият тыңдады. Автордың кездесу басында қатысушылардан өзінің өлеңдерін Қарағанды балаларының орындауында тыңдауды өтінгені балаларды сүйсіндірді.

№1 гимназия оқушылары автордың «Достық туралы» және «Мектеп туралы», «Түрлі-түсті өлеңдер» және «Отан» өлеңдерін оқыды.

3 «В» сыныбының оқушылары Полина Барабанова, Елизавета Толоконникова мен Камила Иманбаева және 4 «В» сынып оқушысы Михаил Кирилюк автордың шығармаларын тамаша, көркем мәнерлеп оқығандары үшін оның алғыс сөздеріне ие болды.

Балалар балалар жазушысымен кездескендеріне қуанып, зор ғанибетпен әңгімелесті, сұрақтар қойып, автролық оқылымдағы өлеңдері мен ертегілерді тыңдады.

Кездесу барысында балалар Дария Джумагелдинованы ақын, жазушы ретінде және өте қызықты адам ретінде таныды.

Comments are closed.