«Киіз үй»
14 наурыз – Амал мерекесіне орай кітапханада киіз үй этноконструкторын құру бойынша тренинг өтті. Қатысушылар қазақ халқының бай мәдени мұрасымен танысты және киіз үйді құрастыруға белсене қатысты. Бұл шара ұлттық дәстүрлерді жаңғыртып, ұрпақтарға мұра етіп қалдыруға бағытталған.