КИІЗ ҮЙ

КИІЗ ҮЙ

«Атамыз – Алаш, керегеміз – ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз қалдырған ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы киіз үй қазіргі уақытта ерекше қызығушылық тудыруда.

Киіз үй – тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ жайы. Солай бола тұрса да, оны қастерлеп ұстап, ғасырдан-ғасырға оның мән-маңызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ халқы екенін әрдайым мақтанышпен айтамыз.

Ұлттық құндылықтарымызды жандандыру мақсатында кітапханамызда оқырмандарға киіз үй құрастыру тренинг циклының таныстырылымы өткізілді.

Іс- шараға қаламыздағы №16 ЖББОМ 3 «Ә» сынып оқушылары қатысты. Киіз үйдің тарихы және оның негізгі элементтерімен танысқан балалар экологиялық таза шикізаттан жасалған «КИІЗ ҮЙ» этно- құрастырғышты зор қызығушылықпен жинап құрастырды.

Comments are closed.