Ақпан 5, 2025 Кітап әлеміне саяхат By odb-abai inЖаңалықтар 5 ақпанда № 64 орта мектептің 1-сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге біздің кітапханаға экскурсия жасады. Балалар кітапхана туралы ақпарат алып, қызықты кітаптармен танысты. Оқушылар әрбір кітаптың өзінің «орны» бар екенін білді, яғни кітап сөресіндегі кез келген кітапты оқығысы келетін оқырман оны өз бетінше оңай және тез таба алуы үшін орны болуы тиіс. Балаларға «Что нравится книге», «В гостях у сказки» және т.б. ойын сабақтары ұсынылды. Экскурсия соңында балалар кітапхана оқырманы болып, біздің кітапханаға жиі келуге уәде берді.