Наурыз 13, 2018 Кітап менің сенімді досым By odb-abai inЖаңалықтар Балалар кітабы апталығының жалғасы ретінде наурыз айының 13-і күні “Кітап менің сенімді досым” атты танымал кітаптар мерейтойында Ж. Аймауытовтың “Ақбілек” романы және М. Әуезовтің “Көксерек” әңгімесі желісінде көркемсөз іс – шарасы ұйымдастырылды. Шараға №7 «Облыстық мамандырылған Жамбыл атындағы №7 дарынды балаларға арналған мектеп- интернаты» КММ және №77 ЖББОМ 5-6 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашылар балаларды мерейтойлы кітаптармен таныстырып, “Ақбілек” романы және “Көксерек” әңгімесі желісінде сөз қозғады.«Ақбілек» романы қазақ прозасындағы үздік шығармалардың бірі. Биылғы жылы осы романға 90 жыл толып отыр. Бұл роман халқымыздың өткен өмірі мен тарихының, қазақ қызы мен әйелінің тағдырын кең көлемде суреттеген тағылымды туынды екеніне тоқталып өтті. Осы аталмыш іс – шара барысында №15 ЖББОМ 4- ші сынып оқушылары “Көксерек” әңгімесі бойынша қойылым қойды. Бұл қойылымда балалар Құрмаштың кім екенін, мейірімді, ақкөңіл, жүрегі кең екенін түсінді. Адам мен табиғат тендігінің қатынас дәрежесі көрсетіліп балалар. табиғатты зорлықпен, күшпен бағындыру мүмкін емес екендігін түсінді. Оқырмандарға ой толғантарлық сұрақтар қойылып, ұтымды жауаптар алынды. «Кітап – тарих, шежіре» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, «Көксерек» фильмінен үзінді тамашаланды.