«КІТАП ОҚУ ҚУАНЫШЫ» КІТАПХАНАЛЫҚ ЖОБАСЫ

«КІТАП ОҚУ ҚУАНЫШЫ» КІТАПХАНАЛЫҚ ЖОБАСЫ

Абай атындағы кітапхана 17 мамырда «Кітап оқу қуанышы» кітапханалық жобасы аясында «Maison des Talents» («Дарындылар үйі») мәдени-білім беру орталығында кезекті оқу алаңын ашты.

Орталықтың креативті залында белгілі классик және қазіргі заманғы жазушылардың кітаптары қойылған «Кітап оқу қуанышы» кітап сөресі ресімделді.

«Кітап оқу қуанышы» жобасының негізгі міндеті «Үзіліс жаса – кітап оқы» ұранымен қала тұрғындары мен қонақтарын бейресми, жағымды атмосферда кітап оқуға тарту болды.

«Maison des Talents» («Дарындылар үйі») мәдени-білім беру орталығына келушілер орталыққа келіп, қарым-қатынас жасап қана қоймай, жобаның демеушісі – «Flip.kz» интернет-дүкені және кітапхана оқырмандары ұсынып, сөреге қойылған ұнаған кітаптарын еркін түрде және тегін оқи алады.

Алаңның ашылу салтанаты орталықтың өкілі Азиза Печоринаның, жас автор Станислав Мезенцевтің, «Листья» инструментальды тобының (Ягуткин Максим мен Валиуллин Арсен), Дариға Нүркееваның өлеңдерінің авторы мен орындаушысының, мекемеге келушілердің, кітапхана оқырмандарының, №25 мектеп оқушыларының және «Құлыншақ» балалар үйі тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткізілді.

Comments are closed.