Кітап-тарих, шежіре

Кітап-тарих, шежіре

Кітапханада наурыз айының 14-і күні №5 ЖББОМ 8 сынып оқушыларның қатысуымен «Алтын қалам» мен «Дарабоз» әдебиет бәйгесінің жеңімпазы, жазушы Төкен Әлжантегі және журналист, өлке тарихын зертеуші Төрехан Майбас пен шығармашылық кездесу кеш өткізілді. Кеш қонағы Т. Әлжантегі бірнеше кітаптың авторы, жазушы, драматург, ақын және сазгер ретінде Қазақстанға ғана емес, шетелдерге де танымал, халықаралық Махмұд Қашқари атындағы сыйлықтың, Қазақстан Жазушылар одағының Төлеген Айбергенов атындағы сыйлығының иегері. Жазушы өз ойларын ортаға салдып, «Жаңаарқа вальсі» әнінің шығу тарихына тоқталды.

Жазушының бұл әннің жалғыз, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Серік Оспановтың орындауындағы «Бабаларым» әні мен «Тым кештеу жолықтық па?» әнін әнші Айгүл Иманбаева орындап жүргендігіне тоқталды. Әрине солардың ішінде жұлдызы жарқырағаны «Жаңаарқа вальсі», оны белгілі әнші Қарақат Әбілдина орындап жүр.

Содай-ақ оқушылар 2017 жылдың үздік қаламгерлерін саралаған шығармашылық додаға қазақ және орыс тіліндегі 1000-нан астам туынды келіп түскен туралы және осы байқауда жазушы Төкен Әлжантегі «Дарабоз» жылдың үздiк балалар және жасөспiрiмдер әдебиетi» атты номинация бойынша бас жүлде мен марапатталғаны хабардар болды.

Журналис Төрахан Майбас өзінің сонау Жезқазған облысы ашылған шақта облыстық газетте бірге қызмет атқарғанын, жазушының ізденімпаздығына тоқталды. Кеш соңында қаламгер жазушылар шығармашылық жолындағы ізденісін жазушылық өміріндегі жетістіктерін тілге тиек ете отырып, «Ізденіңдер, әдеби кітап оқыңдар, сонда ғана дүниені тану оңай болады» деген өзекжарды тілектерін жеткізді.

Кездесу соңында Т. Әлжантегі өзінің қолтаңбасын қалдырып, кітапханаға орыс тілінде жарық көрген «Пришельцы безумного мира» жаңа кітабын сыйлады.

Comments are closed.