Кітапхана ішінде саяхаттау

Кітапхана ішінде саяхаттау

Кітапханамызда жыл сайын өз оқырмандарын аймақтың көрнекті тұлғаларымен және жыл мерейгерлерімен «Туған өлке – тұнған тарих» атты өлкетану кітап көрмесі арқылы таныстырады.

Биылғы жылы Мемлекет және қоғам қайраткері, Қарағанды облысының тумасы Нығмет Нұрмақовтың туғанына 125 жыл; атақты ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Евней Бөкетовтың туғанына 95 жыл; журналист, публицист Валерий Могильницкийдің туғанына 80 жыл; Ұлт Көшбасшысы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туғанына 80 жыл; ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қарағандылық ақын Серік Ақсұңқарұлының туғанына 70 жыл толады.

Көрмеде атақты тұлғалардың өмірі, шығармашылығы туралы кітаптар, сондай-ақ мерейтой иелерінің көркем туындылары мен еңбектері қойылған.

 

Comments are closed.