Кітапхана – шығармашылық пен білім аумағы

Кітапхана – шығармашылық пен білім аумағы

Кітапханада 4 қазан күні «Ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ, Е.А. Бөкетов атындағы №52 ЖББОМ 5-7 сынып оқушыларына «Кітапханаға қош келдіңіздер!» атты таныстыру саяхаты өткізілді.

Оқушыларға негізгі бөлімдерді көрсетіп, үйірмелер мен клубтардың қызметтерінің маңыздылығы туралы айтып берді.

Оқушылар экскурсия барысында 1895 жылы шыққан «Ф. Достоевскийдің шығармаларының толық жинағы» 10 томын, 1876 жылы шыққан “М.Салтыков шығармаларының толық жинағы” 10 томын және т. б. сирек кездесетін кітап қорындағы, кітаптардың құнды даналарын үлкен қызығушылықпен қарап көріп шықты.

Сондай-ақ балалар Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш Нұркен Әбдіровтің туғанына 100 жыл толуына арналған «Балалар шығармашылығындағы Нұркен Әбдіров бейнесі» атты облыстық байқауға қатысушылардың шығармашылық жұмыстарымен де танысты.

Балалар біздің жерлестеріміздің ерліктері туралы кітапқа шолу жасау барысында, слайд-презентация және «Өшпес шыңы» бейнеролигін тамашалау арқылы білді. Балалар іс-шара соңында Ұлы Отан соғысының батыры Н. Әбдіров туралы өлеңдер оқыды.

Comments are closed.