Кітапханада «Дүйсенбі – көңілді күн»

Кітапханада «Дүйсенбі – көңілді күн»

Кітапханада «Дүйсенбі – көңілді күн» ұранымен «Азбука» балалар орталығының және «Супер детки» студиясының балаларына арналған үстел ойындары күні өтті.

Соңғы уақытта балалар мен жеткіншектер үстел ойындарына үлкен қызығушылық танытуда. Бұл ойындар тек көңіл көтеру ғана емес, сонымен қатар оқыту, әсіресе балаларды оқыту. Балалар топ болып ойнауға үйренеді, логикасы мен көңіл бөлуді дамытады.

Кітапханашылар үстел ойындарының пайда болу тарихы, олардың түрлері туралы әңгімелеп, балаларға дойбы, нарды, үстел хоккейі, домино, лото, тоғыз құмалақ, магниттік пазлдар сияқты ойындар ойнауды ұсынды.

Ойын алаңдарында балалар әуестене және қызығушылықпен ойын ережелерін үйренді, жарысты, дауласа ойнап, қуанышқа бөленді.

Comments are closed.