Кітапханада демалыс

Кітапханада демалыс

Күзгі демалыс-балалар үшін бұл оқу жылындағы кішкене демалу. Оқушылар демалысқа шыққанда қалай демалсақ екен,демалысымызды қалайша қызықты өткізсек екен деген ойда болады.

Әр баланың демалысы көңілді және қызықты өтуі керек. Балалардың демалыс күндерін қызықты өткізу үшін кітапхананың көмегі өте зор онда олармен әр түрлі қызықты ойындар ойнатылады, жаңа нәрселер үйретіліп, сүйікті кітаптарын оқып, кітапқа деген қызығушылықттарын арттырады.
30 қазан күні кітапхана қонақтары №34 ЖББОМ –тің 1 – 5 сынып оқушылары және «Құлыншақ»балалар үйінің тәрбиеленушілері болды.

Кітапхананы саяхаттағаннан кейін, кіші сынып оқушылары «Ақылдылар мен ақылды» зияткерлік ойын – викторинасында жарысты, ойын барысында олар әдеби жұмбақтар шешті, логикалық есептер мен «Ертегілер жолымен» әдеби викторинасының сұрақтарына жауап берді, ал 5 сынып оқушылары «Менің өмірімдегі кітаптың рөлі» әңгімесін талқылауға қатысты.

Бұл күні барлығы демалыс аяқталғанға дейін Ұмытылмас және тамаша көңіл-күймен қуанып, кітапхана қорынан алынған балалар әдебиетінің жаңалықтарымен танысты.

Comments are closed.