Кітапханамен танысу

Кітапханамен танысу

Кітапхана қызметкерлері «НеВзрослые» балалар лагерінің балаларына арналған «Заманауи кітапханаға саяхат» атты қызықты және танымдық экскурсия өткізді.

Экскурсанттар кітапханада әртүрлі бөлімдердің және әр түрлі кітап қорының бар екенін білді. Кітапханашылар әдебиетті беру ережелері, ең қызықты басылымдар туралы, сонымен қатар кітапханада көрсетілетін электронды қызметтері туралы әңгімеледі.

Балаларды «Мен оқитын кітаптар» кітап көрмесі аса қызықтырды, балалар өздерінің сүйікті кітап кейіпкерлерін естеріне алып, ұнаған кітаптарын өздерінің құрдастарына оқуды ұсынды.

Экскурсия соңында үйде оқуға кітапты таңдап алып, жазылу үшін балаларды ата-аналарымен бірге кітапханаға қайта келуге шақырды.

Comments are closed.