«Кітапкиномания» клубы

Кітапханада «Кітапкиномания» клубының кезекті отырысы өтті. Балалар Дэвид Йейтстің «Фантастические твари и где они обитают» фильмін тамашалады. Клуб мүшелері фильмнің сиқырлы әлем мен оның тіршілік иелерін бейнелеген көрнекілік құрамын атап өтіті. Олар сюжет желілерін талқылап, оларды Джоан Роулингтің кітаптарымен салыстырып, актерлік ойыннан алған әсерлерімен бөлісті.
Сонымен қатар, қазіргі мәдениеттегі фэнтезидің құбылысы қарастырылды. Фэнтези жанрының шынайы өмірден қашып, шытырман оқиғалар мен ғажайып әлеміне ену мүмкіндігін бергені атап өтілді. Фэнтезидің әдебиетке, киноға, ойындарға және басқа да өнер түрлеріне әсері айтылды. «Кітапкиномания» клубының жоспары — фильмдер мен кітаптардың репертуарын кеңейтіп, аудиторияға тек танымал классика ғана емес, сондай-ақ қоғамда үлкен резонанс тудырған заманауи шығармаларды ұсыну.

Comments are closed.