Кітапты сыйлыққа тартудың халықаралық күні

Кітапты сыйлыққа тартудың халықаралық күні

Кітапты сыйлыққа тартудың халықаралық күні аясында кітапхана ағымдағы жылғы 13 – 14 ақпанда Қарағанды қаласының мектебі кітапханаларына арналған «Кітапханаға кітап сыйла» акциясын бастады. Мұндай акция екінші жыл өткізіледі.

Акцияның мақсаты: балалар оқуын дамытуға және біздің қаламызда кітап сыйлау дәстүрін жандандыруға ықпал ету, мектеп кітапханаларына жақсы кітаптарды сыйға тарту және қағазды кітап әлі де болса өзекті сыйлық болып қалатынын және технологиялық ғасырда да өзінің құндылығын жоғалтпайтынын көрсету.

Мерекелік акцияның бірінші күні 13 ақпанда Қарағанды қаласының №25 ЖОББМ өткізілді. Мектеп кітапханасына мектеп жасындағы балаларға арналған үздік кітаптар мен журналдар сыйға тартылды.

Кітапхананың қызметкерлері кітапты сыйға тартумен қатар, кітаптардағы әдеби кейіпкерлерді білу жөніндегі балаларға арналған танымдық бағдарлама ұйымдастырды, «Қазіргі оқушы нені оқиды?» кітаптар таныстырылымын өткізді.

Кітапты сыйлыққа тартудың халықаралық күніне орай 1-4 сынып оқушылары жиырма бес шығармашылық жұмыс дайындады: олар кітаптар, оқуға деген сүйіспеншілік туралы өлеңдер оқыды, көрермендерге ән мен би ұсынды.

 

Comments are closed.