Әлемнің жеті кереметі

Әлемнің жеті кереметі

Көне заманда адамның шебер қолдарымен көптеген керемет туындылар салынған. Олар бүгінгі күнге дейін өздерінің өлшемі, сұлулығы, жасалу техникасы адамдарды таң қалдырып келеді. Солардың бірі – «Әлемнің жеті кереметі». Кітапханада тамыздың 06 күні «Әлемнің жеті кереметі» атты интерактивті саяхат өтті. Іс-шараға облыстық балалар туберкулезге қарсы шипажайында емалушы балалар қатысты.

Шара барысында балалар әлемнің жеті кереметі – бұл адам қолынан шыққан ең керемет туындылар ретінде саналатын көне архитектуралық ескерткіштермен танысып, «Әлемнің жеті кереметі» атты бейне ролик көрсетіліп, жеті кереметтер туралы жазылған кітаптарға шолу жасалды.

Comments are closed.