Өлкенің көрнекті тұлғалары

Өлкенің көрнекті тұлғалары

Кітапхана жыл сайын «Туған өлке – тұнған тарих» өлкетану кітап көрмесі арқылы өзінің оқырмандарын өңірдің көрнекті тұлғаларымен таныстырады.

Биылғы жылы қазіргі заманғы қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл; көрнекті қазақстандық геолог және қоғам қайраткері, геология-минералогия ғылымдарының докторы Қаныш Сәтбаевтың туғанына 120 жыл; жазушы Саттар Ерубаевтің туғанына 105 жыл; Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш Нүркен Әбдіровтің туғанына 100 жыл толады. Қаламыздың көшелеріне олардың есімдері берілген, олардың құрметіне ескерткіштер орнатылған.

Көрмеде Қарағанды облысының атақты адамдарының өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптар қойылған, С.Сейфуллиннің, С. Ерубаевтің шығармалары ұсынылған.

Кітапхана қызметкерлері оқырмандардың өз өлкесінің тарихы мен батырларын біліп, өздерінің кіші Отанын мақтан тұтқанын тәрбиелеуге ұмтылады.

 

 

Comments are closed.