«Ұлт діңгегі-ұлттық киім» әңгіме шолу
Ұлттық киім – ұлттың сәні. 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай кітапханада «Ұлт діңгегі-ұлттық киім» атты әңгіме шолу өтті. Аталмыш іс-шараға «Еркетайым» балабақшасының тәрбиеленушілері және №8 орта мектептің мектепалды даярлық сыныбының оқушылары қатысты.
Ұлттық құндылығымызды дәріптеу және ұлттық киімді ұлықтауды ерте жастан балаларға түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған шарада балалар танымдық ойын ойнап, жұмбақтар шешіп, кітапхана қорындағы ұлттық киімге арналған қызықты, танымдық кітаптармен танысты.