Ұлт лидері – Әлихан Бөкейханов

Ұлт лидері – Әлихан Бөкейханов

Кітапхана қазан айының 17-сі күні көрнекті қоғам қайраткері, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханның өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұлт лидері – Әлихан Бөкейханов» атты портрет кешін өткізді.

Әлихан Бөкейханның өмір жолын және өсиетін жас өркендерге насихаттау мақсатында кеште арнайы қонақ ретінде Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Қарағанды облысының білім саласына еңбегі сіңген қызметкер Әміртай Тілеуғалы Әміртайұлы, және Ә.Бөкейхан атындағы №76 ЖББОМ-тің 10 сынып оқушылары, №23 ЖББОМ-тің 5-6 сынып оқушылары қатысты. Кеште оқушылар Ә.Бөкейханның өмірі мен қызмет жолы, Алаш партиясы туралы өз пікірлерін ортаға салды.

Іс-шарада оқушыларға «Алаштың ақтангері – Әлихан» атты слайд, «Ә.Бөкейханның өмір жолы» атты бейнеролик көрсетілді.

Comments are closed.