Ақпан 7, 2022 «Мөлдіреп аққан бұлақтай» әдеби салон By odb-abai inЖаңалықтар 2022 жыл – Балалар жылы және балалар әдебиеті жылы аясында кітапханада Қазақстандық ақын – жазушылардың өмірі мен шығармаларына арналып көптеген іс-шаралар өткізіледі. Қазақ балалар әдебиетінде үлкен орны бар көрнекті жазушымыздың бірі – Молдахмет Қаназов. М. Қаназовтың туғанына 80 жасқа толуына орай №3 гимназияның 6-сынып оқушыларының қатысуымен «Мөлдіреп аққан бұлақтай» атты әдеби салоны өткізілді. Балалар автордың «Чика – Дабылдың баласы», «Ақ тайлағым-ай», «Қияндағы күн нұры» атты шығармаларымен танысты. Осының ішінде «Чика – Дабылдың баласы» атты хикаяты өзінің жазылу формасымен дараланған шығарма. Оқушыларға шығарманының желісі түсіндіріліп, кейіпкерлердің іс-әрекеті талқыланды.