Қаңтар 21, 2025 Медиаойын «Өзіңді теріс ақпараттан қалай қорғауға болады?» By odb-abai inЖаңалықтар Кітапханада «Медиаджунгли» мобильдік қосымшасы арқылы квест-фактчекинг формасында «Теріс ақпараттан қалай қорғануға болады?» білім беру медиаойыны өтті. Ойынның модераторы Қарағанды облысының медиа сауаттылық үйінің директоры, геймдизайнер және ойынды әзірлеуші Татьяна Голубцова болды. Презентация арқылы жалған ақпарат және оны анықтау тәсілдері туралы таныстырылымды көргеннен кейін балаларға 3 топқа бөлініп, квесттен өту ұсынылды. Үш жерде балалар жалған ақпаратты тану туралы тест тапсырып, ең көп ұпай жинауы керек еді. Балалар ойын тапсырмаларын қызығушылықпен орындады, нәтижесінде жеңімпаз команда анықталды.