Желтоқсан 5, 2024 «Мейірімділік жүректен» By odb-abai inЖаңалықтар Біз мейірімділік, шынайылық, қайырымдылық сияқты сөздерді жиі айтамыз. Кітапханашы «Гүлнұр» балабақшасының тәрбиеленушілеріне өткізген «Мейірімділік жүректен» атты ізгілік сабағында дәл осы адами құндылықтар туралы сөз болды. Балалар жүргізушінің әңгімесін мұқият тыңдап, өздері талқылап, бір-біріне туған-туыстарына, достарына және айналасындағыларға қатысты игі істер туралы айтып, «Ізгі сөздер» ойынын ойнады. Олар боялған жапырақтардан «Сүйіспеншілік пен ізгілік» атты жақсылық ағашын жасады. Іс-шара «Мейірімділік» атты көрнекі көрсетіліммен жалғасты.