“Мен білемін.Бұл зиянды” пайдалы кеңес сағаты

“Мен білемін.Бұл зиянды” пайдалы кеңес сағаты

Компьютер заманауи өмірде үйреншікті және өте қажетті. Балалар ересектерден қалыс қалмайды және интернетті сәтті игереді, қазіргі бес жастағы балалар Интернет желісінің бар екендігін біледі, бірақ интернеттің өзіне зиянды екенін түсінбейді.

16 қазанда кітапханада «Мен білемін. Бұл зиянды» қазіргі заманғы жасөспірімдердің гаджеттерге, сандық құрылғыларға тәуелділігі және Интернеттің қауіптілігі туралы пайдалы кеңес сағаты өтті.

Іс-шараның мақсаты балаларды әлеуметтік желілерге, онлайн ойындарға, интернетке тәуелділік салдарымен таныстыру, сондай-ақ «Интернет-тәуелділік» ұғымын түсіндіру болды.

Психолог Пенькова Ольга Ивановна №1 гимназия оқушыларына Интернеттің пайдасы мен зияны, интернет-тәуелділіктің белгілері, себептері мен салдары туралы айтып берді. Шараға қатысушылар О.И.Пенькованың қолынан «Балаларға -қауіпсіз Интернет » атты ақпараттық буклет алды.
Диалог барысында балалар «компьютерде қанша уақыт отыруға болады?» «Қарағанды қаласында интернет-алаяқтар бар ма?», «Интернетте танысуға болады ма?» деген сұрақтарды қойды.

Іс-шара соңында балаларға «Интернет желісіндегі жүріс-тұрыс ережелері» атты бейнеролик көрсетіліп, компьютер, бағдарламалар, желілер және интернет туралы қызықты кітаптарға шолу жасалды.

 

Comments are closed.