Мамыр 15, 2018 «Мен үйренемін…» ойын бағдарламасы By odb-abai inЖаңалықтар Мамыр айының 15 күні қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшуін насихаттау мақсатында қаламыздың №1 гимназияның 3 «В» сынып оқушыларына арнап «Мен үйренемін…» атты ойын бағдарламасы өткізілді. Шара барысында балаларға қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшіру ерекшеліктерімен таныстырылды. Балаларға ойын түрінде қазақ тілінің латын әліпбиіндегі көрінісі көрсетілді. Оқушыларға түрлі ойындар ойнатылып, балалар берілген сөздерді және өз есімдерін жаңа әліпбимен жазып көрді. Жасырылған жұмбақ жауаптарын латын әліпбиімен жазған балалар жаңа әліпбиді тез үйреніп кететіндерін аңғартты. Сондай-ақ балалар қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін қолдайтынын білдірді.