“Мен үйренемін”

“Мен үйренемін”

Ағымдағы жылдың 23 қарашасында мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып бөлімінің кітапханашысы Н.Алжанова №45 гимназияның 2-3 сынып оқушыларына барып «Мен үйренемін…» атты ойын сабағын өткізді.

Іс- шараның мақсаты қазақ тілін кирилицадан латын қарпіне көшіруді түсіндіру және латын тілінде жазу дағдыларына үйрету. Шара барысында балаларға латын қарпіне көшудің алғы шарттары мен өзектілігі түсіндіріліп, балаларға жұмбақтар жасырылып оның жауаптарын латын әліпбиін қолдана отырып тақтаға жазып үйренуге дағдыланды. Мысалы: кітап-kitap, шаш-shash, асық-asyq,сағат-saġat және т.б сөздер.

Сонымен қатар «Ана тілім айбыным» атты тақырыптық сөре ұйымдастырылып. «Балдырған» «Айтшы, Әжетай» журналдарында шыққан «Жаңа әліпбиді үйренеміз» атты айдарда латын тілінде жарық көрген өлең жолдарына талдау жасалды.

Comments are closed.