«Мерекеңмен, анашым!»

«Мерекеңмен, анашым!»

Кітапханамызда Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Мерекеңмен, анашым!» атты әдеби ойын колейдоскобы өткізілді.

Мерекелік іс-шараға қаламыздағы №15 ЖББОМ 2 «В» сынып оқушылары келіп қатысты.

Іс- шара барысында Халықаралық әйелдер күні мерекесінің шығу тарихы жайлы қысқаша презентация көрсетіліп, мақалдың жалғасын тап ойыны ойнатылды. Сонымен қатар ұлдар сыныптас қыздарына арнап өлең шумақтарын оқып, ару қыздарымыз мың бұрала би биледі. Мерекелік бағдарлама соңында оқушылар «Ақ мамам» әнін шырқады және кітапханамыздан естелікке сыйлықтар алды.

 

Comments are closed.