Қаңтар 16, 2025 «Нейрожелілермен қалай достасып және одан таңғажайып нәрсе жасау керек» шеберлік сыныбы By odb-abai inЖаңалықтар Кітаптардың жасалуы жасанды интеллект пен нейрожелілер саласындағы жетістіктердің арқасында қолжетімді әрі алуан түрлі болып отыр. Бұл технологиялар авторларға жазу процесін жеңілдетіп қана қоймай, креативті өзін көрсету үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұған «Нейрожелілермен қалай достасып, таңғажайып нәрсе жасау керек» атты шеберлік сыныбында ақпараттық технологиялардың мамандандырылған лицейінің оқушылары көз жеткізді. Болашақ бағдарламашылар үшін аталмыш іс-шараны шығармашылық индустрия саласындағы сарапшы, Platon 5D бағдарламасының авторы Ирина Харитонова жүргізді. Мәтін генераторы дегеніміз не? Жасанды интеллект қалай жұмыс жасайды? Олар жақын арада адамның ақыл-ойын алмастыра ма? Осы және басқа да тақырыптар бойынша «Қауырсын қалам» әдеби клубы аясында өткен кездесуде әңгімелесті.