Өнер күні

Өнер күні

Өнерді жақсы түсінетін адам зиялы және көп оқыған адам ретінде танылады. Сондықтан баланың сұлулыққа деген сүйіспеншілігін кішкентай кезінен тәрбиелеу өте маңызды, өйткені ол сезімтал әрі білімді болып ержетеді. Бірақ баланың қызығушылығын тудыру үшін өнер туралы қалай әңгімелеуге болады? Әрине, кітап арқылы.

Кітапханашылар 18 маусымда №48 ЖББОМ жанындағы лагерьдің балаларына арналған өнер туралы үздік кітаптардың шолуымен Өнер күнін ұйымдастырды. Балалар сурет, мүсін, кескіндеме, балет, цирк, музыка және театр туралы қызыға тыңдады.

Кітапханашылар өнер туралы айтып қана қоймай, сонымен қатар балалардың «Волшебный карандаш» атты серия бойынша шыққан кітаптарды парақтай отырып, жабайы аңдардың, көліктің суретін салуға мүмкіндік берді. Балалардың суреттері қайталанбайтын ерекше және қызықты болды.

 

Comments are closed.