Отбасы күні

Отбасы күні

Бұл мереке Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 2013 жылғы наурызда бекітілген отбасы күнін мерекелеу аясында қыркүйектің әр екінші жексенбісінде атап өтіледі.

8 қыркүйекте кітапхана Қазыбек би ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің педагогтарымен бірлесе балалар мен олардың ата-аналары үшін «Оқы. Жасап шығар. Ойлап тап » отбасылық мерекесін өткізді.

Мереке О.Секора «Құмырсқа Ферданың оқиғалары» ертегілік повесінің тарауларын дауыстап оқып, талқылаудан басталды. Слайдтық таныстырылымның көмегімен балалар мен ересектер отбасы туралы жұмбақтар мен мақалдарды табуға, пазлдар құрастыруға, дидактикалық және танымдық ойындарға қатысты.

Іс-шара барысында «Бақытты отбасы» бейнеролигі көрсетілді.

Comments are closed.