Отбасындағы зорлық-зомбылық – өзекті мәселе

Отбасындағы зорлық-зомбылық – өзекті мәселе

Жыл сайын 25 қараша  – 10 желтоқсан аралығында Адам құқықтары күні атап өтіледі, 16 күн әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен жағдайларының алдын алу шарасы өткізіледі. Осы тақырып бойынша іс-шаралар «Қызғылт күн» белгісімен өтеді.

6 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық кәсіби салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалымен бірлесе кітапхананың жас қызметкерлері, №63 орта мектептің мұғалімдері, «Жас сұңқар» спорт мектебі мен Ә.Молдағұлова атындағы спортта дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатының жаттықтырушылары арасында  «Отбасылық зорлық-зомбылық – өзекті мәселе» диалог-талқылауы өткізілді.

Іс-шарада  ҚБҚОФ төрағасы А.Усерова; Қарағанды қаласының  полиция басқармасы полиция қызметінің (ПБ ЖПҚ) әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі  аға инспекторы, полиция майоры Б.Қаржасбекова; «Мир добра» ҚБ менеджері А.Изекенова, кітапхананың алғашқы кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Подгайнова сөз сөйледі.

Талқылау барысында отбасындағы зорлық-зомбылық, ана мен баланы қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелердің құқықтық негіздері, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді  қорғауға көмектесетін заңдар, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу мәселелері талқыланды.

Мамандар отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы тұру стратегиясын қалыптастыру жөніндегі шараларды ұсынды, Қарағандыдағы кризистік орталықтардың қызметі туралы әңгімеленді.

Іс-шара соңында диалогқа қатысқандармен көшбасшылық қасиеттерді айқындау, сонымен қатар адам өміріндегі қиындықтарға байланысты адамның мінез-құлқы мен жеке тұрақтылық дәрежесін анықтау үшін психологиялық тестілеу жүргізілді.

Comments are closed.