Президент Жолдауын түсіндіру

Президент Жолдауын түсіндіру

15 қаңтарда кітапхана қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында «Президент Жолдауы – дамудың тірегі» атты дөңгелек үстел өтті.

Кітапхана директорының орынбасары К.Т.Ашкеев модератор болды. Қызметкерлермен Жолдаудың әр тармағы талқыланып, Қазақстан Республикасының стратегиялық дамуының негізгі бағыттары мен міндеттері түсіндірілді.

Елбасының жыл сайынғы Жолдауында көзделген негізгі он басымдықты түсіндіру мақсатында кітапхананың бөлім меңгерушілері мен жас қызметкерлері сөз сөйледі.

Сөз сөйлеушілер Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті Жолдауының сабақтастығын, белгілі бір кезеңдерге қорытынды жасалғанын, қазақстандықтардың алдына болашақта нақты міндеттер қойылғанын атап өтті.

Comments are closed.