Проза: кеше және бүгін

Проза: кеше және бүгін

Ақпан айының 28 күні «Қауырсын қалам» жас шығармашыл жеткіншектердің басын қосып, талаптарын ұштай түсетін әдеби клубының кезекті отырысы «Проза: кеше және бүгін» тақырыбында өтті.

Клубқа жаңадан оқушылар қосылып толыға түсті. Оқушылар өздерінің сүйікті жазушылары және прозадағы сүйікті кейіпкерлері жайлы ой бөлісіп, өздері әңгіме жазса қандай жанрда проза жазғылары келетінің де айта өтті. Сондай-ақ, әлем әдебиеті мен мотивациялық шығармаларға көп қызығатының әңгімелеп, бүгінгі қазақ прозасына деген көзқарастары туралы ойларын ортаға салды.

Отырыс соңында «мен ұсынар үш кітап…» атты сауалмен өздерінің сүйікті кітаптарының мазмұнымен бөлісіп, әдемі өлең жолдарын оқып берді.

Comments are closed.