«Пысық болдым, мінеки!

«Пысық болдым, мінеки!

2018 жылғы 22 наурызда шығармашылығы халықаралық деңгейде бағаланған қазақстандық жазушы Марат Қабанбаев 70 жасқа толар еді. Ол 1990 жылы «Пысық болдым, мінеки! Вот он я – бывалый!» повесі үшін балалар кітабы бойынша Халықаралық кеңес тарапынан (ЮНЕСКО) екі жылда бір рет тағайындалатын Х.-К. Андерсен атындағы Құрмет дипломына ие болды, бұл қазақстандық балалар кітабының халықаралық деңгейде алғашқы танылуы болды.

Құрмет дипломы – IBBY үздік балалар және жасөспірімдер кітаптарына тағайындалатын ұлы ертегішінің бейнесі бейнеленген Алтын медальден кейінгі екінші маңызды сыйлық.

№1 гимназия мен №48 ЖОМ 3-4 сынып оқушылары үшін М.Қабанбаевтың шығармашылығы бойынша «Пысық болдым, мінеки!» әдеби калейдоскоп өткізілді.

Балалардың назарына слайдтық таныстырылым және «Қазақфильм» студиясы «Бақбақ басы толған күн» повесі бойынша 1979 жылы түсірген «Мен он екіге толғанда. Когда тебе 12 лет» көркем фильмінен үзінділер ұсынылды.

Балалар ересек жазушы Марат Қабанбаев болғанымен, өзінің балалар кітабының кейіпкерлері «Арстан, мен және виолончель» повесінде Асан, «Пысық болдым, мінеки!» повесінде Досан, «Бақбақ басы толған күн» Заманбек сияқты әрдайым бала болып қалған жазушының өмірбаянымен, шығармашылығымен танысты.

Іс-шара Марат Қабанбаевтың 2005 жылы «Литературная Алма – Ата» альманахында жарияланған «Автобустағы кездесу. Встреча в автобусе» (ауд. Л. Космухамедова) әңгімесінің дауыстап оқуымен аяқталды.

Comments are closed.