«Әр түрлі әліпбидегі кітаптар»

«Әр түрлі әліпбидегі кітаптар»

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 қаулысымен апострофтерімен 32 әріптен тұратын латын алфавитіне негізделген жаңа қазақ алфавитін бекіту туралы Жарлығына сәйкес 2018 жылдан бастап қазақ тілін біртіндеп латын қарпіне көшіруді насихаттау және кеңінен танымал ету мақсатында кітапхана қызметкерлері сәуір айының 17 күні «Әр түрлі әліпбидегі кітаптар» атты библиографиялық сабақты №6 ЖББОМ 8 сынып оқушыларына барып өткізді.

Оқушыларға әр елдің әліпбиі жайлы, қазақ әліпбиінің тарихы туралы түсіндіріліп, ағылшын, түрік, кәріс, татар, өзбек және т.б. тілдерде жазылған кітаптарға шолу жасалды. Латын графикасының жаңа нұсқасымен оқушылар танысып, «Үш тілде сөйлеу білеміз бе?» атты ойыны ойнатылды. Ойын барысында оқушылар орыс, ағылшын, түрік тілдерінде қойылған сұрақтарға өз жауаптарын қайтарды.

Comments are closed.